Арқалық қаласы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының жоспарлы отырысы

Без рубрики

Арқалық қаласы әкімдігі аппаратының отырыс залында 2019 жылдың 13 қараша күні, қала әкімінің орынбасары Раисов Ерлан Әмірғалиұлының төрағалығымен Арқалық қаласы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының жоспарлы отырысы болып өтті. Отырысқа қалалық комиссия мүшелері, ауыл әкімдері мен ұйымдар және мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды. Арқалық қаласы ТЖБ аға инженері Қадыржанов Ә.Е.

«Адамдар көп жиналатын нысандардағы өрт қауіпсіздігі шаралары», «Жеке тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігінің жағдайы», «Жеке және көп қабатты тұрғын үйлердегі газ баллондарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары», «Өрт қауіпті кезеңінің қорытындысы» баяндамасымен сөз сөйледі. Өз сөзінде өрт қауіпті кезеңінде өрттердің алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар туралы жеке-жеке тоқталып өтті.

Арқалық қаласы ТЖБ бас маманы Нұрғалиев А.Г. «Арқалық қаласында газ қызметінің құрылуы туралы», «Арқалық қаласының білім беру объектілерінен қазандықтарды жеке тұрған ғимараттарға шығару туралы» баяндама жасады.

Сонымен қатар «Құлақтандыру жүйесінің қалалық деңгейдегі жай-күйі, оны дамыту және модернизациялау», «2019-2020 жж. қыс мезгілінде жалпы қолданыстағы жолды пайдалануға және инженерлі жол техникасының даярлығын ұйымдастыру туралы», «2019-2020 жж. қыс мезгілінде тұрғындардың өмірімен қамтамасыз ету объектілерінің даярлығын жүргізу туралы» мекеме басшылары, алдымызда келе жатқан қыс мезгіліне қаншалықты дайын екендігі жөнінде баяндамаларын оқыды. Отырыс барысында басқа да мәселелер қаралып, проблемалық сұрақтар қойылып шешілу жолдары талқыланды.

Арқалық қаласы ТЖБ бастығы Әбдрахманов Ж.М. отырысқа қатысушыларға бірлесіп жұмыс атқаруды, төтенше жағдайлардың алдын алып өрт қауіпсіздігін сақтауды еске салды.

Отырыс қорытындысы бойынша, әкім орынбасары Е.Ә. Раисов қаралған мәселелер бойынша комиссия мүшелеріне, ауыл әкімдері мен ұйымдар және мекеме басшыларына 2019-2020 жж. қыс мезгілінде, адамдар мен материалдық шығындарды болдырмау үшін нақты тапсырмалар берді.

«1402» ҚР ІІМ бірыңғай сенім телефоны

Қостанай облысының ТЖД

    Арқалық қаласы ТЖБ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *