Басқарма туралы ереже

Басқарма туралы

     Әкімдіктің
2016 жылғы «09» желтоқсан 
№ 553 қаулысымен бекітілген

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1.. Жалпы ережелер

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануар мен өсімдік дүниесінің өзге де объектілері салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелері бар.

3. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары  болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануар мен өсімдік дүниесінің өзге де  объектілері салаларында мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге ықпал ету.

15. Міндеттері:

1) жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) орман, аңшылық, су, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

3) қоршаған ортаны қорғау сласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

16. Функциялары:

1).ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;

2) Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

3) өртке қарсы насихатты ұйымдастырады;

4) қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құра отырып, Қостанай облысының аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;

5) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

6) оларды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) беру үшін өздерінің функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингі жөнінде материалдар дайындауды ұйымдастырады;

7) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінен басқа мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінің (сүректі түбірімен босату үшін төлемақы мөлшерлемелерінен басқа)  жобаларын әзірлейді;

8) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға өзінің қарауындағы учаскелерді береді;

9) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

10). уәкiлеттi органның және Қостанай облысының жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлерұйымдастырады және өткiзеді;

11) аңшылық шаруашылықтың  мұқтаждығы үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға  аңшылық  жерлерді, сондай-ақ  Қостанай   облысының

 аумағында орналасқан жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру жөнінде конкурстар өткізеді;

12) аңшылық жерлердің резервтік қордағы жануарлар дүниесін қорғауды, сондай-ақ резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

13) екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-іздестіру аулауды қоспағандағы жануарлар дүниесін, сондай-ақ  сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған жануарлар түрлерін пайдалануға рұқсат береді;

14) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;

15) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу жөніндегі қаулының жобасын әзірлейді және Қостанай облысының әкімдігіне ұсынады;

16) Қостанай облысының әкімдігіне бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдаланудың ерекше жағдайлары мен тәртібін белгілеу бойынша ұсыныстарды енгізеді;

17) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде оқшауланып немесе бірлесіп пайдалануға су объектілерін береді;

18) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолданады;

19) тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;

20) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді;

21) жер үсті су объектілері жоқ, бірақ сапалы жер асты ауыз суларының су қорының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға қатысы жоқ мақсаттар үшін ауыз судың сапалы жер асты суларын пайдалануға оң қорытындысын береді;

22) ІІ, ІІІ және IV санаттардағы шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізеді;

23) ІІ, ІІІ және IV санаттардағы кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат береді, қоршаған ортаға эмиссияға лимиттерді белгілейді;

24) мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

25) коммуналдық қалдықтармен айналысу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

26) тиісті аумақта орналасқан табиғи объектілердің жағдайы туралы халықты ақпараттандырады;

27) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу кезінде қоғамдық тыңдауларға қатысады;

28) Қостанай облысының әкімдігіне коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жиналуының нормаларын есептеу қағидаларын бекітуге әзірлейді және ұсынады;

29) өз құзыреті шегінде табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарын келіседі;

30) «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

31) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Ведомстволардың функциялары:

1) орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

2) орман заңнамасының, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнама талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекарасын өзгерту (үлкейту) және жерлерді резервке қою бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) аңшылық шаруашылығы мен биотехникалық жұмыстарды жүргізу бойынша жұмыстар жиынтығын ұйымдастырады;

4) орман, аңшылық құрылымды, орман қорын және жануарлар дүниесін мемлекеттік есептеуді, орман мониторингін, мемлекеттік орман кадастрын, өсімдік және жануарлар дүниесі кадастрларын жүргізуді қамтамасыз етеді;

5) қоғамдық ұйымдар мен халықты табиғи ресурстарды қорғауға тартады;

6) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да  қызметтерді атқарады.

18. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

2) соттарда «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары және мүдделерін заңнамамен белгіленген тәртіпте қорғауды жүзеге асыруға;

3) Қостанай облысының әкімдігіне уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;

4) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет көрсету мен жұмыстардың орындалуын жүзеге асыратын штаттан тыс сарапшыларды (заңды және жеке тұлғалар) сараптамалық жұмыстарды жүргізу үшін тартуға;

5) орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, қоршаған ортаны қорғау және өзге де жануарлар мен өсімдік дүниесі объектілерінің салаларында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады, cондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілік алады.

20. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын  Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

22. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:

1) заңнамаға сәйкес құрылымдық бөлімшелердің басшыларын, «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мамандарын, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің директорларын, директордың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің директорларына, директордың  орынбасарларына тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді;

4) Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің, сондай-ақ орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің директорларының, директордың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

23. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы  өз орынбасарларының өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

25. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

______________________________

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *