Мемлекеттік қызметтің имиджі

Мемлекеттік қызмет

Нұр Отан» ХДП республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен алынған мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық ережесі.

Мемлекеттік қызметші  келесі этикалық ережені басшылыққа алуы тиіс:

Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек.
Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек.
Шенеунік “Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек.
Заң талаптарымен толық келісіп,  өмір сүруі өте маңызды.
Кез келген орында, кез келген қызметте,  қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек.
Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек.
Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек.
Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.

Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл  тек бөлігі ғана болып келеді.

Біз мемлекеттік қызметке және билікке тек мен белгілеген этикалық ережені қатал түрде орындайтын адамдарды ғана тәрбиелеп, алуымыз керек.

Отанымыздың гүлденуіне барын жасайтындар, еліміздің адал патриоты болып келеді.


Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдармен алынған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқаруға қатысты уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға өткізу туралы ЖАДЫНАМА

1. Сыйлықты алған тұлғалар (білмей келіп түскен сыйлықтар, не олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар) 7 күнтізбелік күн ішінде  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі – Уәкілетті орган)аумақтық органдарына немесе жергілікті басқару органдарына тапсырады.
Сыйлықтар Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органымен анықталған нұсқада мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде, тұлғаға сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып тапсырылады.
2. Хабарламада келесі ақпараттар болкуы қажет:

Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы;
сыйлық тапсырушының Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, байланыс нөмірлері;
сыйлықтың атауы, оның мөлшері және ол туралы қысқаша түсіндірме;
сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы ақпарат.
Сонымен бірге, сатып алған жағдайда хабарламада жоғары тұрған лауазымды адамның келісуі туралы белгі болуы керек (Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр).
3. Сыйлықтар жергілікті арқарушы органдарына тапсырылған жағдайда, жергілікті басқару органдары Уәкілетті органға 5 жұмыс күн ішінде тиісті хабарлама жолдайды. Жергілікті атқарушы органдар тапсырылғын сыйлықтарды жоғарыда көрсетілген мерзімде Уәкілетті органға мүлiктi есепке алу, сақтау және бағалау үшін береді.
4. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдарға бағалауға және сатып алу-сату шартынатапсырғанмерзімдері жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарлама алған кезден бастап саналады.
5. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.

Мәлімет үшін: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 472-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктiтолық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.