Қоғамдық тыңдауларды жүргізу туралы хабарландыру (28.03.2019 г.)

Без рубрики

Қостанай облысы Жангелдин ауданы аймағында №120А құлау ауданын пайдаланумен «Союз-2» ТЗ ұшыруларды жүргізу мүмкіндігіне қатысты қоғамдық пікірге сауалнама нысанында қосымша қоғамдық тыңдауларды жүргізу туралы хабарландыру

«Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссияның тапсырмасы бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағынан поляр маңындағы орбитаға солтүстік бағытта «Союз-2» типті (отын ретінде жермай мен оттегі пайдаланатын) тасымалдағыш зымыранмен (ТЗ) ғарыш аппараттарын (ҒА) ұшыруларды жүзеге асыру үшін Қостанай облысы Жангелдин ауданы аймағында тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөлшектерінің жаңа құлау аудандарын (ТЗ ББ ҚА) ашу мәселесін қарастырылуда.
           Аталған ұшырулар «OneWeb» халықаралық ірі жобасын іске асыру үшін қажет, ол Интернетті кеңжолақты қолжетімділікпен әлемнің барлығын (ең алдымен ауыл аймақтарын) қамтамасыз етуге бағытталған.
   «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ҒА ұшыру 2019-2020 жылдары жүргізу жоспарланған және әлемнің басқа ғарыш айлақтарынан ұшыруларды жүргізу қатарында жүргізілетін болады, бұл «Байқоңыр» ғарыш айлағының бәсекеге қабілеттілігін растайды.

2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын ескерумен аталған мәселені пысықтау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін тартумен бірнеше қажетті іс-шаралар өткізілді.

  1. Қостанай облысы Жангелдин ауданы аумағында 2016 жылғы тамызда және 2017 жылғы мамырда барлау жұмыстары жүргізілді (Роскосмос, Қазғарыш, Қостанай облысының әкімдігі, «Бәйтерек» БК» АҚ және «Ғарыш-экология» ҒЗО» РМК өкілдерінің қатысуымен), оның барысында ҚА 120А орналастырудың жайлы баламасы анықталды.
  2. 2017 жылғы мамырда «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК мамандары жоспарлы құлау ауданын пайдалануға берілетін аймақтың, сондай-ақ Ақкөл және Қарасу ауылдарының фондық жайын бағалау бойынша экспедициялық жұмыстар жүргізді. Экологиялық зерттеулер нәтижесі Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген зымыранды ұшырудың қоршаған отаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) бойынша әзірленген материалдардың негізіне салынды.
  3. 2017 жылғы 6 қазанда Торғай ауылында «Поляр маңындағы орбитаға ғарыш аппараттарын шығару кезінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» ғарыш мақсаттағы зымыранды ұшырулардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына әсерін бағалау (ҚОӘБ)» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

Қоғамдық тыңдаулар Қостанай облысы әкімі А. Мұхамбетовтың, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрі Б. Атамқұловтың тікелей қатысуымен, басқа да орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР ҚАӨМ ведомстволық ұйымдардың, «Роскосмос» ғырыш қызметі бойынша мемлекеттік корпорациясының (РФ), сондай-ақ бұқаралық ақпараттар құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
4. 2017 жылғы 26 қазанда ҚОӘБ құжаттамалары Қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен бірге Мемлекеттік экологиялық сараптамаға тапсырылды.
5. 2018 жылғы 1 ақпанда Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын (01.02.2018 жылғы №KZ78VCY00102858 қорытындысы).
2017 жылғы 6 қазандағы Қоғамдық тыңдаулар хаттамасына сәйкес №120А құлау ауданын пайдалануға жылына ТЗ ұшыруларын үштен артық ұшыруға шектеу қарастырылған.

Алайда, 2018 жылға ұшыруы жоспарланған ғарыш аппараттарын 2019 жылға аударуға байланысты ұшыру кестесінің өзгерді. Оған байланысты, тасымалдағыш зымырандарды ұшырудың жылсайынғы санын көбейту қажеттілігі туындап отыр.

Барлығы үш ғарыш айлақтан 21 ұшыру жүргізу жоспарланған: «Куру», «Байқоңыр» және «Восточный». Оның ішінде 11 ұшырулар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру жоспарланған.

Ресей тарапымен жылсайынғы ұшырулардың саны үштен артық болған жағдайда, Жангелдин ауданына қосымша өтемақы төлемдері туралы алдын-ала келісімге қол жеткізілді.

«Союз-2» ТЗ жылына үш ұшыруға дейін ұшқан жағдайда 460 мың АҚШ доллары көлемінде төлемді іске асыру, ал қосымша ұшыру жүргізілген жағдайда, əрбір ұшырылым үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде төлем жүргізу ұсынылады.

Белгіленген төлем шарттары қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісу процедурасын өтіп жатқан «Поляр маңындағы орбитаға ғарыш аппараттарын шығару кезінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» ғарыш мақсаттағы зымыранды ұшыруларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге бекіту ұсынылады.
Ол үшін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сəйкес өткізілген мүдделі жұртшылықтың келісімі – рәсімделген қоғамдық тыңдаулар хаттамасы қажет.

Осы ретте, 2018 жылғы 1 ақпандағы мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы күшінде қалады.

Осылайша, сауал нысанындағы қосымша қоғамдық тыңдауларға Қостанай облысын Жангелдин ауданы аймағында орналасқан №120А құлау ауданын пайдалануға қатысты мәселе шығарылатын болады:

Қостанай облысын Жангелдин ауданы аймағында орналасқан №120А құлау ауданын пайдаланумен, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» ТЗ-ның әрбір қосымша ұшырылымына (үштен артық) 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде төлем жүргізетін жағдайда, жылына үштен артық ұшыруларын жүргізу мүмкіндігімен келісесіздер ме?

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сəйкес тыңдаулар жүргізу мерзімі 20 жұмыс күнінде белгіленген.
Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаулардың басталу күні – 2019 жылғы 28 наурыз.

Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаулардың аяқталу күні – 2019 жылғы 24 сәуір.

Талқыланатын мәселе бойынша қажетті ақпаратпен танысу, сондай-ақ мүдделі жұртшылықтың пікірі мен ұсыныстарын келесі интернет-ресурстары арқылы көруге болады:

– Жангелдин ауданы әкімдігінің ресми сайты:  http://zhangeldy.kostanay.gov.kz/;

– «Бәйтерек» БК» АҚ ресми сайты: http://www.bayterek.kz/, (электрондық пошта [email protected]).
           ҚОӘБ материалдарын әзірлеудің тапсырыс берушісі: «Бәйтерек» БК» АҚ, пошталық интекс 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 14, 1004 каб., байланыс телефондары 8 (7172) 28-06-02

ҚОӘБ материалдарын әзірлеуші: «ҒАРЫШ – ЭКОЛОГИЯ» ҒЗО» РМК, пошталық индекс 050046, Алматы қ., Абай даңғылы, 191, 10-қабат, байланыс телефоны: 8 (727) 376-53-69

Сіздердің назарларыңызға!

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сəйкес бекітілген нысанға сәйкес рәсімделген (сауалнама парағының нысаны қоса берілген) мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын ескерілетін болады.

Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаулар аяқталғаннан кейін мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстарын ескерілген Хаттамаға қол қойылады және 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жарияланады.
          Ескертулер мен ұсыныстарыңызды орналастыру үшін Сізге мыналар қажет:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген сауал парағының (жүктеу) үлгі нысанын жүктеп алыңыз;
  2. Электронды түрде сауал парағын толтырыңыз және [email protected], электронды поштасына жолдаңыз, ҚОӘБ материалдарын қағаз түрінде тапсырыс берушінің мекен жайына жолдаңыз.

Сауал парағы