2020 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

НҚА

2020 жылға арналған жер үсті көздеріндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерлемелері туралы

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 5)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2020 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 


 

2020 жылға арналған жер үсті көздеріндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Арнайы
су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі Төлемақы мөлшерлемелері (теңге)
Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер 1 000 текше метр 134,94
Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде 1 000 текше метр 384,20
Ауыл шаруашылығы 1 000 текше метр 106,19
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары 1 000 текше метр 106,19

 


Қостанай облыстық мәслихатының
«Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған
төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Шешім жобасы (бұдан әрі – жоба) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.

Жобаның әзірлеушісі «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ болып табылады.

Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін есептеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Тобыл, Торғай өзендері бассейніне арналған базалық мөлшерлеме мөлшерлерін индекстеу арқылы келесі формулаға сәйкес 2020 жылы 6%-ға болжанған инфляцияны есептей отырып жүргізілген:

Рр = Рб × К2009 г × … × Кi

мұнда:
Рр – төлемақы мөлшерлемесі.
Рб – базалық төлемақы мөлшерлемесі.
К2009 г – 2009 жылы инфляция коэффициенті (бірлікке әкелінген).
Кi – алдағы жылдардағы инфляция коэффициенті (бірлікке әкелінген).

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік және (немесе) экономикалық шығындарды болдырмайды. Жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық шығындарды талап етпейді. Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту Қостанай облысының бюджетіне қаражат түсімінің ұлғаюына мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, төлемақы мөлшерлемелерін бекіту су пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге және ұстауға мүмкіндік жасайды.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұдан бұрын Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 360 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімі қабылданған болатын. Қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргізілген жоқ.

 

Басшы                                                                                         М. Шайымов

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *