Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарын диспетчерлеу

Жаңалықтар

Қостанай облысының 2019-2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың өңірлік Жол картасы аясында «Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуді жүзеге асыратын көлік құралдарын диспетчерлеу» жобасы жүзеге асырылды.

Жоба қоқыс таситын көліктердің қозғалысын мониторингілеу және қалдықтардың төгілуін бақылау есебінен сұрапыл үйінділер санын азайтуды көздейді. Қоқыс таситын көліктерді диспетчерлеу жүйесі Қостанай қаласындағы «Тазалық 2012» ЖШС жеке кәсіпорны базасында енгізілді.

Жүйе онлайн және офлайн режимдерде (ақпаратты 1 жылға сақтай отырып, жазу режимі) жұмыс істейді. 38 GPS – Telton4200 маркалы датчик, СмартS2333. Navis gt20 орнатылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *