«Қоқыстарды орналастыру мониторингі» жобасы жүзеге асырылды

Жаңалықтар

Қостанай облысының 2019-2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың өңірлік Жол картасы аясында «Қоқыстарды орналастыру мониторингі» жобасы жүзеге асырылды.

Жоба «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ геопорталы арқылы алынған ғарыштық түсірілімдер негізінде облыс орталығынан 50 км радиустағы елді мекендердегі рұқсат етілмеген қоқыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Басқарма көрсетілген геопорталға қол жеткізді және аудандар мен қалалардың әкімдіктерін хабардар ете отырып, рұқсат етілмеген қоқыстардың орналасуына мониторинг жүргізеді.

Мониторинг нәтижелері бойынша рұқсат етілмеген қоқыстарды жою бойынша уақтылы шаралар қабылданады, сонымен қатар олардың әрі қарай түзілуіне бақылау жасалады. Аудандар мен қалалардың әкімдіктері рұқсат етілмеген қоқыстарды жою бойынша шаралар қабылдауда.

Осы қоқыстарды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды «Қостанай облысы бойынша экология департаменті» РММ жүзеге асырады.