Қостанай ауданының Белозер ауылдық округіндегі «Рыбацкое счастье» туристік базасының құрылысына сұратылған жер учаскесінің аумағы үшін Балықты көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

НҚА

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің  39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Қостанай ауданының Белозер ауылдық округіндегі «Рыбацкое счастье» туристік базасының құрылысына сұратылған жер учаскесінің аумағы үшін Балықты көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай ауданының Белозер ауылдық округіндегі «Рыбацкое счастье» туристік базасының құрылысына сұратылған жер учаскесінің аумағы үшін Балықты көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
  3. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қостанай облысының әкімі                                                                                                                                 А. Мұхамбетов

Түсіндірме жазба

Қосымша

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *