ÝAQYT TASPASY

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің “ÝAQYT TASPASY” www.qost-taspa.kz) электрондық мұражай сайтының құрылғанын хабарлайды.

Сайттың басты миссиясы-бірыңғай қолжетімді электрондық кеңістік, халыққа және мемлекетке тиімді қызмет ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін көпшілікке тарату мақсатында болашақ мемлекеттік қызметшілер үшін естелік оқиғаларды сақтау.

Онда жас мемлекеттік қызметшілер үшін үлгі болуға лайықты облыстың мемлекеттік органдарының бірінші басшылары туралы материалдар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің түрлі салаларын дамыту процесін көрсететін бағыттар кешені жинақталған.

Сайт тұрғындардың өңір басшыларының, мемлекеттік органдар басшыларының жұмыс нәтижелеріне қатысты пікірлерін қалдыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттың түсуіне қарай сайт жаңа тұлғалармен және маңызды оқиғалармен үздіксіз толықтырылатын болады.