Су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөніндегі әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

НҚА

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына, «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 2 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
  2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қостанай облысының әкімі                                            А. Мұхамбетов

 


 

Қостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасына
түсіндірме жазба


р/с
Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі

Ескерту

1 Облыс әкімдігі қаулысы жобасының атауы

 

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөніндегі әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
2 Әзірлеуші – мемлекеттік орган «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ)
3 Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру
4 Жоба ҚР қандай  заңнамалық актілерін, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілер мен тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі Қазақстан Республикасының Су кодексі
5 Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері Әкімдіктің қаулыларына өзгерістер енгізу
 

6

Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдары Болжамдалмайды
7 Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар

 

Қажет етпейді
8 Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері Қажетті бұрыштамалары бар
9 Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданған және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 182 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды пайдаланудың режимін белгілеу жөніндегі әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы
10 Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі Жоқ
11 Өзге де мәліметтер Жоқ

 

«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
басшысы                                                                                                М. Шайымов


 

Cалыстырмалы кестесі

Қосымшалар

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *