Әкімдіктің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 «Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

НҚА

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 20-бабы 17-3)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы            23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 «Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (2015 жылғы 17 маусымда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

реттік нөмірі 6-жол мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«

6 Емханалар 1 келіп кету

»;

реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын

»;

реттік нөмірі 9-жол мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

«

9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын

»;

реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

«

10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казино, ойын автоматтарының залдары 1 орын

»;

реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

14 Азық-түлік дүкендері, өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер Сауда алаңы 1 м2

»;

реттік нөмірі 16-жол алып тасталсын.

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қостанай облысының әкімі                                                                                          А. Мұхамбетов

 

түсіндірме жазба

салыстырмалы кестесі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *