Қайта өңделетін шикізаттан жасалған шырша – #eco-shyrsha эко-челленджі

Жаңалықтар

2019 жылдың 26 ​​желтоқсанында сағат 12:00-де Қостанай қаласы Мәуленов көшесі, 16 А мекенжайы бойынша «Атамекен 4 плюс» ЖШС жеке кәсіпорны базасында #eco-shyrsha эко-челленджі басталады.  

«Атамекен 4 плюс» ЖШС Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің үндеуін қолдай отырып, қостанайлықтарды жаңа жылдық мерекелерге экологиялық безендірудің пайдасына тірі шырша орнатудан бас тартуға, және қайта өңделетін шикізаттардан шыршалар түріндегі балама әшекейлерді қолдануға шақырады. Экологиялық челлендж аясында кәсіпорын 550 пластикалық бөтелкелерден жасалған эко-шыршалар шығарды және орнатты.

Аталған іс-шараның мақсаты қылқан жапырақты ағаштарды кесу және пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеу проблемаларына азаматтардың назарын аудару болып табылады.

Эстафета Шымкент қаласындағы «Green Technology Industries» ЖШС кәсіпорнына берілетін болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *