Оқушылар мен студенттер арасында плакаттар сайысы бойынша комиссия отырысы.

Жаңалықтар

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында ағымдағы жылдың 4 қарашасында тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау бойынша жобаның аясында оқушылар мен студенттер арасында плакаттар конкурсы жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссия құрамына Басқарманың қызметшілері, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, сондай-ақ облыстың қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарының өкілдері енгізілді.

Қонкурсқа облыстың түкпір-түкпірінен 36 жұмыс ұсынылды. Отырыс барысында конкурсқа қатысушылар арасында үш жеңімпаз анықталды. Жүлделік орын алған қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Басқарма барлық қатысушыларға алғыс білдіреді!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *