Орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік қызмет

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттікмекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздіккөшесі, 10, анықтамаүшінтелефондар: 8(7142) 54-43-03, факс 54-43-03,электрондықмекенжайы:s.artsybasova@kostanay.gov.kz«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы (Д-О-4 санаты) лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83352 теңгеден 112375 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады.Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік тәжірибені жүргізеді.Ормандарды күзетуді және қорғауды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, ормандарда өрт қауіпсізідік ережесін сақтау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекемелердің орман зиянкестері мен ауру ошақтарына орман патологиялық тексерулер мен қадағалау, санитарлық ережелерді, ормандарды орман зиянкестері мен аурулардан қорғау ережесін сақтау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.Табиғи ресурстарды қорғау және орман шаруашылығы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеуге қатысу. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қатысты мәселелер бойынша тиісті органдарға сұранымдарды жібереді. Басшылықтың және бөлім басшысының тапсырмасы бойынша белгіленген мерзімде бөлімнің қызметі туралы есептерді, шұғыл ақпаратты және басқа материалдарды, анықтамаларды дайындайды.

Жалпы конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: ауыл шаруашылығы ғылымдары (орман ресурстары, орман өсірушілік, орман шаруашылығы), жаратылыстану ғылымдары (экология, биология), техникалық ғылымдар мен технология (өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау), құқық.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстарды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:7 жұмыс күні, жалпы конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (нысан хабарландыруға қоса берліді);

2) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмімен қоса 3х4 үлгідегі түрлі түсті сурет (нысан хабарландыруға қоса берліді);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдықкуәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану

және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмiтуралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлікқоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткенітуралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (бұдан әрі–сертификат) (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

(Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың бар болуын тексереді);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органдажеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесеқорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

(Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардыңкөшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар құжаттарды 110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 10 мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»  мемлекеттік мекемесіне қолма-қол немесе пошта бойынша, немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаның электрондық мекенжайына электрондық түрде не болмаса «E-gov» электрондық Үкімет порталы, құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.

Құжаттар мемлекеттік органның электрондық поштасына электрондық түрде не «Е-gov» электрондық үкімет порталы берілген жағдайда, олардың түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат кешіктірілмей ұсынылады.Оларды бермеген жағдайда, тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысуға және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 10мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»  мемлекеттік мекемесінде, кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабарландырудан кейін үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Кандидаттар конкурсқа қатысуға жұмсалатын шығындарды (әңгімелесу орнына бару және кері қайту жол ақысы, тұрғын үй-жайды жалға алу, тұру, түрлі байланыс қызметтерін пайдалану) өз есебінен жүргізеді.

Конкурс қатысушылары мен кандидаттар конкурстық комиссиясының шешімін уәкілетті органға немесе оның аймақтық бөлімшесіне, не болмаса сот тәртібі бойынша шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады. Конкурстық комиссия отырысында байқаушы ретінде қатысу үшін тұлға әңгімелесудің басталуына дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін және Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиістілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

12.02.2019ж.

___________________________

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені______________________________________________________________

 

__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________

______________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

  Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса “Б”
  Форма

 

“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
  ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

        ПОСЛУЖНОЙ СПИСОККАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     
     

 

     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *