Ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін орман ресурстарын беру бойынша тендер

Жаңалықтар

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Қостанай облысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін орман ресурстарын беру бойынша тендер өткізілетінін хабарлайды:

№ 1-7 лоттары бойынша жанама пайдалану (ауылшаруашылық дақылдарын өсіру) үшін, № 8 лот бойынша сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін.

Тендерлік құжаттарды «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мекенжайынан өтінім жасау арқылы алуға болады: Қостанай облысы, Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі 10, орман шаруашылығы бөлімі. Тендерлік өтінімдер 2020 жылғы 13 қаңтарға дейін тапсырылуы тиіс. Тендерлік өтінімдердің ашылу рәсімі 2020 жылғы 15 қаңтарда сағат 11.00-де Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі 66, 2-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.

Лоттар және тендердің өткізілу тәртібі туралы толығырақ ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 10, тел. 8 (7142) 53-23-92 немесе ресми интернет-ресурсында: www.kostanay-priroda.kz.