Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

НҚА

Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245
«Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы
мөлшерлемелері туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облыстық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы 245 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы»шешіміне (2018 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ алынып тасталсын;

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Салық кодексінің 576-бабымен белгіленген Қостанай облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген баптың 3-тармағымен белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, екі есеге көтерілсін.»

  1. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi

 


 

«Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245
«Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 


р/с
Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі Ескерту
1. Қостанай облыстық мәслихаты шешімі жобасының атауы Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2. Әзірлеуші мемлекеттік орган «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
3. Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің  576-бабы

Сондай-ақ, облыс бюджетіне түсетін түсімдерді арттыру мақсатында, Мемлекеттік кірістер департаментінің және Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастамасы бойынша

4. Жоба ҚР қандай  заңнамалық актілерін, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілер мен тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің  576-бабы
5. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері Жыл ішінде бюджетке түсетін түсімдерді 1 694,4 млн. теңгеге арттыру
6. Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдары Қоршаған ортаға жүргізілетін эмиссияны азайту үшін табиғат пайдаланушыларды ынталандыру

 

7. Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар Жоқ
8. Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері Барлық қажетті бұрыштамалары бар
9. Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданған және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер Мәслихаттың 2018 жылғы 2 наурыздағы № 245 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешімі
10. Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі Жоқ
11. Өзге де мәліметтер Жоқ

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
ММ басшысы                                                                                    М. Шайымов

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *