“Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы” Қостанай облысы Мәслихатының Шешімінің жобасы

НҚА

Қостанай облысының мемлекеттік
орман қоры учаскелерінде
орманды пайдалану үшін
2019 жылға арналған төлемақы
мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 587-бабына, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш шырындарын дайындау үшін;

2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін;

3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін;

4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін,  ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіруге пайдалану үшін.

  1. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Сессия төрағасы

Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы

 


 

Мәслихаттың
2019 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне

1-қосымша

Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
ағаш шырындарын дайындау үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Орман пайдалану түрлері Ормандарды молықтыруға арналған шығындар әдістері
Өлшем бірлігі Төлемақы мөлшерлемесі (теңге)
Ағаш шырындарын дайындау (қайың шырыны) гектар 1942

 


 

Мәслихаттың
2019 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне

2-қосымша

Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін
2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Орман пайдалану түрлері Ормандарды молықтыруға
арналған шығындар әдістері
Өлшем бірлігі Төлемақы
мөлшерлемесі
(теңге)
Шөп шабу, оның ішінде шабындық жерлердің сапалы жай-күйінің топтары бойынша:
жақсы гектар 1863,2
қанағаттанарлық гектар 1397,4
нашар гектар 1087
Мал жайылымы, соның шінде ауылшаруашылығы жануарларының топтары бойынша бір мал басының жайылымы:
Ірі  мал: ірі қара мал, жылқы бір бас 870
Ірі қара малдың төлі бір бас 435
Есек бір бас 435
Ешкі бір бас 761
Қой бір бас 217
Ара ұялары мен омарталар орналастыру 1 омарта үшін 1552,7
Көкөніс өсіру, бақша өсіру, бақ өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру гектар *

Ескерту. Көкөніс өсіру, бақша өсіру, бақ өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін орман қоры учаскелерін пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері салық заңнамасында белгіленген жер салығы деңгейінде белгіленеді.

 


 

Мәслихаттың
2019 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне

3-қосымша

 

Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы
ағаш ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері

Ағаш-бұта тұқымдастарының атауы Ормандарды молықтыруға арналған
шығындар әдістері
Өлшем бірлігі Төлемақы мөлшерлемесі
(айлық есептік көрсеткіш)
1. Қайың:
қабықтар тонна 0,016
бұтақтар тонна 0,032
томарлар тонна 0,008
тамырлар тонна 0,048
жапырақтар тонна 0,024
бүршіктер килограмм 0,016
2. Қарағай:
қабықтар тонна 0,021
бұтақтар тонна 0,042
томарлар тонна 0,011
тамырлар тонна 0,063
жапырақтар тонна 0,032
бүршіктер килограмм 0,021
3. Көктерек, терек:
қабықтар тонна 0,011
бұтақтар тонна 0,022
томарлар тонна 0,01
тамырлар тонна 0,033
жапырақтар тонна 0,02
бүршіктер килограмм 0,011
4. Сары қарағанның, бұта тектес талдардың, шырғанақтың, жүзгіннің, шеңгелдің және өзге де бұталардың бұтақтары тонна 0,024

Ескерту. Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай төлемақы мөлшерлемелеріне Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 587-бабы 3-тармағына сәйкес коэффициенттер қолданылады.

 


 

Мәслихаттың
2019 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне

4-қосымша

 

Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін,  ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіруге пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

Орман пайдалану түрлері Ормандарды молықтыруға арналған
шығындар әдістері
Өлшем бірлігі

Төлемақы
мөлшерлемесі

Ұзақ мерзімді орман пайдалану
Ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін гектар жылына 0 теңге
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығы қажеттері үшін пайдалану гектар  

жылына 1552,7 теңге

 

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану гектар жылына 776 теңге
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану гектар жылына 3884,1 теңге
Қысқа мерзімді орман пайдалану
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану адамнан әрбір болған күн үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіші
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану адамнан әрбір болған күн үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіші

 


 

«Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихаты шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


р/с
Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі

Ескерту

1. Қостанай облыстық мәслихаты шешімі жобасының атауы Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін 2019 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
2. Әзірлеуші мемлекеттік орган «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі
3. Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 587-бабына, 2003 жылғы                  8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес
4. Жоба ҚР қандай  заңнамалық актілерін, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілер мен тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексі, «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы                         13 қыркүйектегі № 383 бұйрығы
5. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту
6. Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдары Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды болжамдамайды

 

7. Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар Қаржылық шығындарды болжамдамайды
8. Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері Барлық қажетті бұрыштамалары бар
9. Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданған және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер Қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын актілер қабылданған жоқ
10. Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі Жоқ
11. Өзге де мәліметтер Жоқ

 

«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы                                                                          М. Шайымов

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *