Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 154-бабының 2-тармағына сәйкес 2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу есебін ұсыну мерзімі 2019 жылдың 1 наурызына дейін белгіленген.
Есепті Экология департаментіне ұсыну немесе https://oos.energo.gov.kz мекен-жайы бойынша «Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде толтыру қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ға 8(7172)57-01-71, 8(7172)57-01-81, 8-775-826-72-29 телефон нөмірлері бойынша немесе [email protected] электронды мекен жайы бойынша хабарласуға болады.