Біз – таза ел үшін!

Жаңалықтар

2019 жылғы 21 қыркүйекте сағат 10.00-де «World Cleanup day 2019» халықаралық акциясы аясында «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Қостанай облысы бойынша экология департаменті» РММ-мен және Қостанай ауданының әкімдігімен бірлесіп,  «Біз – таза ел үшін!» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырады.

Аталған іс-шара орман көшеттерін отырғызу ауданында («Золотой Фазан» демалыс базасының жанында), КЖБИ көпірі ауданындағы Тобыл өзенінің жағалауында («Шеш Беш» кафесінің маңы), сондай-ақ Гагарин бөгетінен бастап Корей көпіріне дейінгі учаскелерде жиналған қоқыс алаңдарын тазартуға бағытталған.

Осыған орай, қала тұрғындарын және барлық ынта білдірушілерді экологиялық акцияға қатысуға шақырамыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *