2019 жылғы 24 желтоқсан Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары А.Исмаилов Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруы туралы ақпаратты БАҚ-қа ұсынды.
Облыста тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу саласында “жасыл технологиялар” кезең-кезеңмен енгізілуде. Қазіргі уақытта ҚТҚ бөлек жинау 9 елді мекенде жүзеге асырылады, ҚТҚ сұрыптау – 14 елді мекенде. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды бөлек жинау облыстың 15 өңірінде енгізілді. Бұдан басқа, Қостанай қаласында электрондық және электр жабдықтарының қалдықтарын жинау бойынша мамандандырылған контейнерлер орнатылды.
Облыс аумағында екінші шикізатты қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын және дайын өнімнің 10-нан астам түрін шығаратын 5 кәсіпорын жұмыс істейді.