Әкімдіктің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 489 қаулысына 2-қосымша |
Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 510 қаулысымен бекітілген |
“Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
- Жалпы ережелер
- “Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулауды қоспағанда облыстың жергілікті атқарушы орган (“Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру “электрондық үкіметтің” www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
- Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 “Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” бұйрығымен бекітілген “Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11774 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жіберіледі және сонда сақталады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс–қимылы тәртібін сипаттау
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.
- “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс–қимыл тәртібін, сондай–ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.
- Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі, ЭЦҚ арқылы Порталда тіркелуді, авторизациялауды жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, электрондық сұрау салу жолдарын толтырады және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын тіркейді;
3) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуды куәландыруды жүргізеді;
4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады;
5) көрсетілетін қызметті алушы Порталдағы көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” электрондық сұрау салудың мәртебесі және Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны алады;
6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” алады.
- Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес диаграммада көрсетілген.
“Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер мен қысқартулар:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК