«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, анықтама үшін телефоны: 8 (714-2) 54–17–18, электрондық мекенжайы: [email protected], «Б» корпусының 1 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің балық және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, 1 бірлік, 07-0-1-1, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардан келген құжаттарды орындайды. Заңмен белгіленген тәртіпте бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Балық аулау және аңшылық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын пасторттауды жүзеге асырады. Балық және аңшылық шаруашылығынан алынған мәліметтерді оларға берілген квоталарды бақылау үшін жинайды. Жануарлар әлемін сақтау үшін балық шаруашылығы су арналарында балық қорғау құралдарының болуы үшін суды тұтыну және ағу құрылғыларына есеп жүргізеді. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізімін бекіту бойынша жұмысті іске асырады. Балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлейді және мүдделі органдармен келіседі. Қостанай облысының аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорын қорғау бойынша ведомстволық бағынысты мекемелермен жұмыс ұйымдастырады. Басқарма басшылығының және бөлім басшысының тапсырмасы бойынша белгіленген мерзімде бөлімнің қызметі туралы есептерді, шұғыл ақпаратты және басқа материалдарды, анықтамаларды дайындайды.
Жалпы конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білімі: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: ауыл шаруашылығы ғылымдары (балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау), жаратылыстану ғылымдары (экология, биология), құқық.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлу.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымын орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі (бұдан әрі – Қағидалар).
Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қағидаларың 3-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (ұсыну міндетті емес);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (ұсыну міндетті емес);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) “Е-қызмет” интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірынғай қызметіне (кадр қызметі), 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 5-і қабат, 514 кабинет мекенжайына құжаттарды қолма-қол, пошта бойынша немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаның электрондық мекенжайына электрондық түрде не болмаса «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.
Құжаттар мемлекеттік органның электрондық поштасына электрондық түрде не «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысушылар және әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күннің ішінде «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады (бұдан әрі-уәкілетті орган).
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметінің маманы әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Азаматтар конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жерді жалдауды, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не болмаса сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.