Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының брифингті өткізу туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Жаңалықтар

2019 жылғы 22 қарашада Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндеттін атқарушы Жүсіпбеков Саят Балжанұлының қатысуымен «Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті.

Ағымдағы жылы облыста өрт қаупі бар маусым ішінде 88 өрт болды. Өрттің жалпы ауданы – 2177,03 га құрды, соның ішінде орманмен  көмкерілген – 1291,36 га, оның ішінде үстіңгі қабар өрті – 119,61 га, келтірілген шығын көлемі – 89 млн. теңге. Өрт пайда болудың негізі    себептері: ауылшаруашылығы өртеңдері – 4, басқа ұйымдар мен кәсіпорындардың кінәсінен – 2, тұрғындардың кінәсінен – 6, найзағайдан – 38, белгісіз себептерден – 38.

Орманды қалпына келтіру мақсатында орман шаруашылығы мекемелері ағымдағы жылдың көктемі мен күзінде жалпы алаңы  1398 га жерге орман отырғызды. Орман питомниктерінде 15,3 млн. дана қарағай мен қайың көшеттері өсірілді. Облыстың қалалары мен елді мекендерінде көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін жыл сайын 4,3 га алаңда 20 ағаш пен бұта түрлерінің көшеттері өсіріледі.