Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Қостанай облысының үкіметтік емес ұйымдарының ресурстық орталығы базасында тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау бойынша әлеуметтік жоба аясында басталған конкурстардың қорытындылары шығарылды.
Іс-шараны «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қолдауымен «Қостанай облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының штабы» ҚҚ ұйымдастырды.
«Қалдықтарды бөлу арқылы Қазақстанның табиғатын сақтаймыз» плакаттар конкурсында жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Жармагамбетов Данияр Семетаевич (Қарасу ауданы)
2 орын – Кундирбаева Дильназ (Қостанай қ.)
3 орын – Майкубенова Назгуль Ерсаиновна (Ұзынкөл ауданы)
Макулатура жинау бойынша конкурста жалпы білім беру ұйымдары арасында орындар келесідей бөлінді:
1 орын – «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 7 орта мектебі» ММ
2 орын – «Қазтұтыну одағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі»
3 орын – «Қостанай ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК
Жоба аясында облыстағы білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде электронды және электрлік жабдықтардың қалдықтарын, сондай-ақ пайдаланылған батареяларды жинау бойынша конкурс басталды, оның жеңімпаздары:
1 орын – Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 8 орта мектебі» ММ
2 орын – «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК
3 орын – «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі Қостанай қаласы әкімдігінің № 27 балабақшасы» КМҚК («Золотые пчёлки» тобы)
Конкурстардың қорытындылары бойынша барлық жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Басқарма конкурстың барлық қатысушыларына осы бастамалары үшін алғыс білдіреді!