2019 жылғы 12 қазанда Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясына қатысты.
Бұл көптеген елдерде аталып өтілетін, ағаш отырғызумен байланысты ерекше мереке.
Акцияның негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында табиғатты құрметтеуге және аулаларды, саябақтарды және жалпы қаланы бірлесіп көгалдандыруды насихаттау.