Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті өткізген «Digital check» челенджіне қатысты.
Басқарма қызметшілері «үшінші тұлғалардың» сервисін өздері тексерді. Аталған сервисті пайдалану үшін egov.kz интернет-ресурсында авторландырып, бір реттік SMS-паролі арқылы өз сауалын растау жеткілікті.
Анықтама алу үшін бірнеше қадамнан өту қажет:
- Электрондық үкімет порталында авторландыру;
- «Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі» бөліміне өту;
- «ЖСН» жолына анықтама сұрату қажет адамның деректерін толтыру;
- Анықтама түрін таңдау және бір реттік пароль арқылы сауалды растау.
Соңғы ресімдеу орындалғаннан кейін, анықтама сұралған адамның атына порталдың «Жеке кабинетіне» хабарлама және ұялы телефонға анықтаманы алуға рұқсат беру немесе оны алудан бас тарту туралы өтінішпен SMS-хабарландыру түседі. Рұқсат болған жағдайда, қызығушылық танытқан тұлғаның «Жеке кабинетінде» пайдаланушыға арналған электрондық анықтама беріледі.