Әкімдіктің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 151 қаулысына
2-қосымша
Әкімдіктің
2016 жылғы 4 шілдедегі
№ 323 қаулысына
2-қосымша
“II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
- Жалпы ережелер
- “II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (“Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.еgоv.kz, www.elicense.kz “электрондық үкіметтің” веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
- Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 “Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11229 болып тіркелген) бекітілген “II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
- Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.
- Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.
- “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.
- Жүгіну тәртібін және Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), не заңды тұлғалар үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) арқылы Порталда тіркелуді, авторизациялауды жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды электрондық сұрау салудың жолдарын толтырады және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын бекітеді;
3) көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды куәландырады;
4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады;
5) көрсетілетін қызметті алушы Порталда электрондық сұрау салу мәртебесі және Стандарттың 4-тармағында мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” алады;
6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” ЭЦҚ қол қойылған, электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” алады.