Ант қабылдау рәсімі

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында, ағымдағы жылдың 29 тамызында «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған және сынақ мерзімінен сәтті өткен Регина Радиковна Шакированың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі ант беру болып табылады.