Әкімдіктің
2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 283 қаулысына 1-қосымша
Әкімдіктің
2015 жылғы 14 тамыздағы
№ 350 қаулысымен бекітілген
“Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға
рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
- “Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (“Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.
- Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 “Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11452 болып тіркелген) бекітілген “Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.
4. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.
- Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркелуді, авторизациялауды жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдайды, электрондық сұраным жолдарын толтырады және Стандарттың 9-тармағына сәйкесқұжаттар топтамасын тіркейді;
3) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұранымды куәландыруды жүргізеді;
4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұранымын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады;
5) көрсетілетін қызметті алушы Порталдағы көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” электрондық сұранымның мәртебесі және Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны алады;
6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” алады.
8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы Регламенттің қосымшасына сәйкес диаграммада көрсетілген.