“Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Мемлекеттік қызметтер

Әкімдіктің
2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 283 қаулысына 2-қосымша

Әкімдіктің
2015 жылғы 14 тамыздағы
№ 350 қаулысымен бекітілген

 

“Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

  1. “Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (“Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 “Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11452 болып тіркелген) бекітілген “Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру немесе болашақ құрылыс аумағының астында пайдалы қазбалардың бар екендігі туралы еркін нысандағы хабарлама-хат немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.

 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.

 

4. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы арқылы көрсетілмейді.
  2. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркелуді, авторизациялауды жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдайды, электрондық сұраным жолдарын толтырады және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын тіркейді;

3) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұранымды куәландыруды жүргізеді;

4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұранымын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады;

5) көрсетілетін қызметті алушы Порталдағы көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” электрондық сұранымның мәртебесі және Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны алады;

6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды;

7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” алады.

  1. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы Регламенттің қосымшасына сәйкес диаграммада көрсетілген.

Қосымшаны жүктеу