Бекітемін:
«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы» ММ басшысы
____________ М. Шайымов
«__» ___________ 2019 ж.
Қостанай облысының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға арналған конкурстық құжаттама
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларына және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес (бұдан әрі Қағидалар) конкурстық өтінім:
- 1-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі Конкурсқа қатысуға арналған өтініш (түпнұсқа);
- Өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
– жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе төлқұжатын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды (көшірмесі);
– заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті (көшірмесі);
– Конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің Конкурсқа қатысушының банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша уақытында төленбеген берешектің жоқ екені туралы қағаз тасығыштағы қол қойылған және мөр басылған анықтама (конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдың немесе бөлімшенің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі) қамтиды, ол конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеуге тиіс (түпнұсқа);
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгі нысан бойынша өтінім берушінің басшысы бекіткен әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша барлық бекітіліп берілетін мерзіміне балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын (2 қосымша) (түпнұсқа);
– аумақтық бөлімшелерден алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа міндеттемелерді орындау туралы мәліметтер (бұдан бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) – түпнұсқа;
4. Мыналарды жүзеге асыру үшін 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 27 2т. 11) т. сәйкес сервитут беру туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттемені 3 қосымшаға сәйкес:
– бақылау үшін аулауды – ведомствоға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;
– ғылыми-зерттеу үшін аулауды – жеке немесе заңды тұлғаларға;
– әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке тұлғаларға сервитут ұсыну туралы жазбаша міндеттемені қамтуы тиіс.
- Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты өтінімге басқа, мынадай құжаттар қосымша беріледі:
1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi үшін:
– негізгі құралдардың бар болуы туралы анықтама (4 қосымша) (түпнұсқа);
– конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген аулаушы және көліктік флот, оның ішінде шағын көлемді флот туралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік кеме тізілімінен үзінді (көшірме).
Ескертпе: кеме кітабында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеме тізілімінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркеуі болмаған жағдайда, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабы 5 және 6 тармақтарына және «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабы 6 және 6-1 тармақтарына сәйкес кмені, оның ішінде шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу қажеттілігінің жоқтығын растайтын құжат беріледі (еркін нысанда);
– кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлiгi көрсетiлген куәлiгi және (немесе) кеменiң жүзуге жарамдылығына арналған жыл сайынғы техникалық куәландырудан өткендігі туралы белгісі бар кеме билеті – көшірме;
– тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (жеке тұлғалар үшін);
– заңды тұлғаның тіркеуі (қайта тіркеуі), олардың филиалдарының және өкілдіктерінің (заңды тұлғалар үшін) есептік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы анықтама;
- жергілікті маңызы бар балықтардың қырылып қалу қаупі төнген су айдындары мен (немесе) учаскелері үшін:
– конкурстық құжаттаманың 5 қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (бұдан әрі – мелиорациялық жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама) (түпнұсқа).
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға
қойылатын бiлiктiлiк талаптар
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;
2) Балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша осының алдындағы жылдар үшін берешектің болмауы;
3) банк, банктің филиалы немесе бөлімшесі алдында конкурс қатысушысы міндеттемелерінің барлық міндеттемелер түрлері бойынша мерзімі өтіп кеткен берешектің болмауы.
Өтінім жасалған су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты, осы Біліктілік талаптарында көрсетілген біліктілік талаптарынан басқа, Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi үшін:
– меншік құқығында негізгі құралдардың бар болуы туралы;
– меншік құқығында балық аулау (ұстау) флоты мен кәсіпшілік аулау құралдарының болуы.
Егер бір Конкурс аясында қатысушы екі және одан да көп балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне бір өтінімнен артық өтінім берсе, онда мұздату қуатының, технологиялық жабдықтың, көліктің, аулау құралының, қаражаттың саны өтініш берілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бойынша Конкурс қатысушымен таратылып беріледі.
Өтінім тігілген күйінде, нөмірленген беттерімен беріледі және соңғы беті қол қою арқылы және мөрмен куәландырылады (бар болғанда).
Жеке немесе заңды тұлғалар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес әрбір мәлімделетін балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жеке конкурстық өтінім дайындап, хабарландыруда көрсетілген мекенжайы бойынша жібереді, жабық конвертте мыналар:
1) қатысушының толық атауы мен мекенжайы (егер ол кешіккен болып танылса, конкурстық өтінімді ашылмаған күйінде қайтару мақсатында);
2) Конкурсты ұйымдастырушының мекенжайы;
3) «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс» деген сөздер көрсетілген мөр басылған конвертте ұсынады.
Конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі – 2019 жылғы 14 тамыз сағат 18.30-ға дейін.
Конкурсқа қатысуға белгіленген мерзімнен кейін берілген конкурстық өтінімі бар конверттер қабылданбайды.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер конкурсқа қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен 2019 жылғы 19 тамызда сағат 16.00-де Қостанай қ., Әл-Фараби к., 66 (облыс әкімдігінің ғимараты) 4 қабатта – мәжіліс залында ашылады.
Осы Қағидалардың 43, 44, 47, 48 және 49 талаптарына сәйкес құжаттар болмаған не тиісінше рәсімделмеген, сондай-ақ Конкурсқа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мұндай қатысушы конкурс шарттарына сәйкес келмеді деп танылады.
Өткізілген Конкурстың қорытындыларын конкурстық комиссия конкурстық өтiнiм салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шығарады.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы Қостанай облысы әкімдігінің шешімі негізінде он жұмыс күні ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мен Конкурс жеңімпазы арасында балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалады.
Егер Конкурс жеңімпазы балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы Қостанай облысының шешімі қабылданғаннан кейін көрсетілген мерзімде балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа қол қоймаса, онда ұйымдастырушының ұсынысы бойынша балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес Конкурс жеңімпазының рейтингтік бағасынан кейін рейтингтік бағасы ең жоғары Конкурсқа қатысушыға бекітіп беріледі.
Өткізілген Конкурстың қорытындыларын конкурстық комиссия конкурстық өтiнiм салынған конверттер ашылған күннен кейін он жұмыс күні ішінде шығарады.