Тобыл өзенінің арнасын тазарту мәселесі бойынша көшпелі кеңес

Жаңалықтар

2019 жылдың 24 шілдесінде Басқарма КЖБИ көпірінен (ағынмен төмен) Гашек көшесі бойынша айналмалы жолдың аяғына дейін (оң жағалау бөлігі) Тобыл өзенінің арнасын тазарту мәселесі бойынша мердігер ұйымның, техникалық қадағалаудың өкілдерімен және жобаның авторымен көшпелі кеңес өткізді.

Кездесу барысында Тобыл өзенінің арнасын тазарту мәселелері талқыланды. Мердігер ұйымның өкілі жұмыстың жобалау-сметалық құжаттамаға және жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес жүргізіліп жатқандығын, қазіргі уақытта бұталарды, ұсақ ағаштар мен қамысты тамырымен тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ал жүзетін жер соратын снарядтармен өзен түбі тереңдетіліп жатқандығын хабарлады.

Анықтама үшін: қазіргі уақытта Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы КЖБИ көпірінен (ағынмен төмен) Гашек көшесі бойынша айналмалы жолдың аяғына дейін (оң жағалау бөлігі) Тобыл өзенінің арнасын тазарту бойынша жобаны жүзеге асыруда.