2019 жылғы 10 сәуірде орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелерді орман орналастыру туралы бірінші орман орналастыру кеңесі өткізілді.
Мүдделі мекемелердің лауазымдық тұлғалары қатысты:
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы – Жанат Тауұлы Атымтаев;
«Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК бас инженері – Владимир Алексеевич Мандзюк;
«Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК өндірістік бөлімінің бастығы – Болат Сексенбайұлы Емебаев;
Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының орманшылық және ормантану бөлімінің меңгерушісі–Анастасия Васильевна Данчева;
Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының орман қорғау секторы меңгерушісі –Екатерина Петровна Вибе;
Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары – Саят Балжанұлы Жүсіпбеков;
Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жерге орналастыру, жер теңгерімі, жер телімдерінің меншік иелерін және жер пайдаланушыларды есептеу бөлімінің басшысы – Қарагөз Сапарұлы Барпұлова;
Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің басшысы – Анара Алматқызы Саламатова;
Орман шаруашылығы мекемесінің басшысы.
Кеңес шеңберінде Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасарының орман шаруашылығы мекемелерінде орман шаруашылығын жүргізу ерекшелігі мен олардың далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізуге дайындығы туралы, «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК бас инженерінің алдағы орман орналастыру жұмыстарын жүргізудің қыр-сыры туралы баяндамалары тыңдалды.