Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» каулысына толықтырулар енгізу туралы |
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына (2009 жылғы 30 қаңтарда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірілері 969, 970, 971-жолдарымен толықтырылсын:
«
969 | Мамедовский тоғаны | 120 | Науырзым |
970 | Кіші Танат көлі | 67,75 | Таран |
971 | Шұңқыркөл көлі | 18 | Әулиекөл |
».
- «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
Қостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасына
түсіндірме жазба
р/с № |
Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі |
Ескерту |
|
1 | Облыс әкімдігі қаулысы жобасының атауы | Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» каулысына толықтырулар енгізу туралы | |
2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі | |
3 | Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі | «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 3) тармақшасы |
|
4 | Жоба Қазақстан Республикасының қандай заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілер мен тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі | «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы |
|
5 | Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері | Су айдындарын ұтымды және тиімді пайдалану | |
6 | Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдары | Ерекше әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарды болдырмайды | |
7 | Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар | Республикалық және жергілікті бюджеттерден арнайы қаржылық шығындар болжамдалмайды | |
8 | Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері | Барлық қажетті бұрыштамалары бар | |
9 | Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданған және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер | Қостанай облысы әкімдігінің:
2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы»; Әкімдіктің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 337 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; Әкімдіктің 2009 жылғы 30 қантардағы № 43 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; Әкімдіктің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 177 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»; Әкімдіктің 2010 жылғы 29 қазандағы № 435 «Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; Әкімдіктің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 186 «Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; Әкімдіктің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 527 «Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»; Әкімдіктің 2015 жылғы 6 қазандағы № 416 «Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»; Әкімдіктің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 80 «Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»; Әкімдіктің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 619 «Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулылары |
|
10 | Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі | Басқа актілерді қаулының жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі жоқ | |
11 | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
ММ басшысы М. Шайымов