Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Облыс бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейі төмен ретінде бағаланады («Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараты бойынша). Атмосфералық ауаның сапалы күйі соңғы жылдар бойына тұрақты болып қалуын жалғастырып отыр. Атмосфералық ауаның ластануын төмендету мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізіледі.
Мәселен, 2018 жылға барлығы бюджеттен шамамен 4200 млн. теңге бөлінді (ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 3814 млн. теңге игерілді), оның ішінде елді мекендерін абаттандыруға және көгалдандыруға – 2701,4 млн.теңге. Қалған қаражат табиғат қорғау іс-шараларына бағытталды – 1498,6 млн. теңге (1385,7 млн. теңге игерілді). Жыл қорытындылары бойынша игерілуі 100% құрайды.
Сондай-ақ, атмосфералық ауаның қолайлы жағдайына отын ретінде табиғи газды пайдалану да ықпал етеді.
2018 жылы облысты газдандыруға бюджеттен 2575,8 млн. теңге бөлінді (2431,6 млн. теңге немесе 94,4% игерілді, жыл соңына дейін игерілуі 100% құрайды).
2018 жылдың 11 айында облыс бюджетіне қоршаған ортаға эмиссиялар төлемінен 5 576,7 млн. теңге немесе жылдық жоспардың (2018 жылы – 4589,1 млн. теңге) 126,3% түсті.
Жоғарыда аталған іс-шараларды ескергенде атмосфералық ауаны ластайтын стационарлық көздерінен шығарындыларды азайту серпіні байқалады. Мәселен, қоршаған ортаға эмиссиялар лимиті 197,5 мың тонна кезінде (2017 жылғы 1 желтоқсанда – 215 мың тонна), 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атмосфераға шығарындылардың нақты көлемі 92,5 мың тоннаны құрайды (2017 жылғы 1 желтоқсанда -116 мың тонна).
Аталған мәселе тұрақты бақылауда тұр.