Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы (21.11.2018 ж. бос лауазым)

Мемлекеттік қызмет

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 10, анықтама үшін телефондар: 8(7142) 54-43-03, факс 54-43-03, электрондық мекенжайы: [email protected] «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды (бала күтіміне байланысты демалыс мерзіміне 17.03.2019 жылға дейін):

Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы (Д-О-4 санаты) лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83352 теңгеден 112375 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

ҚР қолданыстағы заңдары, стандарттары, нормативтері және ережелері мен өзге заңнамалық актілер негізінде, өндірістік объектілердің санитарлық жіктеліміне келісті қауіптілігі ІІ, ІІІ және ІY санатты объектілер үшін жоспар алдындағы, жоспарлы, жоба алдындағы және жобалау құжаттамасының барлық түрлеріне мемлекеттік экологиялық сараптама (бұдан әрі – МЭС) жүргізеді және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруді жүзеге асырады.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде жобалау құжаттамасы құрамында қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдауларды жүргізуді ұйымдастырады. МЭС жүзеге асырудың белгіленген мерзімі мен тіртібін сақтайды. МЭС қорытындысының дәлелді жобасын дайындайды және оны уақытылы қол қоюға береді. Басшылықтың және бөлім басшысының тапсырмасы бойынша белгіленген мерзімде бөлімнің қызметі туралы есептерді, шұғыл ақпаратты және басқа материалдарды, анықтамаларды дайындайды.

         Жалпы конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар:

Білім бойынша талаптар:

Жоғары білімі: жаратылыстану ғылымдары (экология, биология).

Құзыреті бойынша талаптар:

Құзыретінің болуы: бастамашылдық, байланысқа бейімділік, талдамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстарды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, жалпы конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мына құжаттар ұсынылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (нысан хабарландыруға қоса берліді);

2) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмімен қоса 3х4 үлгідегі түрлі түсті сурет (нысан хабарландыруға қоса берліді);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану

және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмiтуралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлікқоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткенітуралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (бұдан әрі–сертификат) (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органдажеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесеқорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардыңкөшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар құжаттарды 110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 10, мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»  мемлекеттік мекемесіне қолма-қол немесе пошта бойынша, немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаның электрондық мекенжайына электрондық түрде не болмаса «E-gov» электрондық Үкімет порталы, құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.

Құжаттар «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің электрондық поштасына электрондық түрде не «Е-gov» электрондық үкімет порталы берілген жағдайда, олардың түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.Оларды бермеген жағдайда, тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 10 мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде, кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабарландырудан кейін үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Кандидаттар конкурсқа қатысуға жұмсалатын шығындарды (әңгімелесу орнына бару және кері қайту жол ақысы, тұрғын үй-жайды жалға алу, тұру, түрлі байланыс қызметтерін пайдалану) өз есебінен жүргізеді.

Конкурс қатысушылары мен кандидаттар конкурстық комиссиясының шешімін уәкілетті органға немесе оның аймақтық бөлімшесіне, не болмаса сот тәртібі бойынша шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады. Конкурстық комиссия отырысында байқаушы ретінде қатысу үшін тұлға әңгімелесудің басталуына дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін және Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиістілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

___________________