Су ресурстары бөлімінің басшысы

Мемлекеттік қызмет

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, анықтама үшін телефондар: 8(7142) 50-43-03, факс 50-01-66, электрондық мекенжайы: [email protected] «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Су ресурстары бөлімінің басшысы (Д-О-3 санаты), лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 109898 теңгеден 148300 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлім туралы ережеге, бөлім жұмысының жоспарына, лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бөлімнің жұмысын ұйымдастырады. Бөлім мамандарымен атқару тәртібін (лауазымдық міндеттерді, Басқарма басшысы, жоғары тұрған органдар және лауазымдық тұлғалар берген бұйрықтарды, тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау) бақылайды. Бөлім құзыретінің мәселелері бойынша түскен сауалдарға тиісті ақпарат дайындайды. Барлық белгіленген нысандардағы есептілікті уақытылы беруді ұйымдастырады (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық). Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қатысты мәселелер бойынша тиісті органдарға сауалдар жібереді. Бөлім әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жасайды. Бөлім мамандары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз етеді. Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысады. Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды іске асыруды ұйымдастырады және қатысады, су объектілерін тиімді пайдалануға және қорғауға қатысады. Су аймақтарын, су объектілерінің белдеулерін және ауызсымен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын, су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Бассейндік кеңестің жұмысына қатысады.

Жалпы конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар:

Білімі бойынша талаптар:

Жоғары білім: жаратылыстану ғылымдары (экология, химия, гидрология), техникалық ғылымдар және технология (гидротехникалық құрылыс және құрылғылар), ауылшаруашылығы ғылымдары (су ресурстары және су пайдалану).

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1, санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізіліммен айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1, санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізіліммен айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1, санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында не Қарулы Күштер әскери басқару органының, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының тактикалық деңгейінен төмен емес басшы лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Құзыреті бойынша талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас емқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстарды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мына құжаттар ұсынылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш (нысан хабарландыруға қоса берілді);

2) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша                             «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмімен қоса 3х4 үлгідегі түрлі түсті сурет (нысан хабарландыруға қоса берілді);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық

куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану

және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (бұдан әрі – сертификат) (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, 104-кабинет мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне құжаттарды қолма-қол, пошта бойынша немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаның электрондық мекенжайына электрондық түрде не болмаса «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «Е-Қызмет» интеграцияланған жүйесі арқылы ұсынады.

Құжаттар «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің электрондық поштасына электрондық түрде не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «Е-Қызмет» интеграцияланған жүйесі арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде, кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабарландырудан кейін үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Басқарушы лауазымдарға үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Қағидаларда белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Кандидаттар конкурсқа қатысуға жұмсалатын шығындарды (әңгімелесу орнына бару және кері қайту жол ақысы, тұрғын үй-жайды жалға алу, тұру, түрлі байланыс қызметтерін пайдалану) өз есебінен жүргізеді.

Конкурс қатысушылары мен кандидаттар конкурстық комиссиясының шешімін уәкілетті органға немесе оның аймақтық бөлімшесіне, не болмаса сот тәртібі бойынша шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады. Конкурстық комиссия отырысында байқаушы ретінде қатысу үшін тұлға әңгімелесудің басталуына дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін және Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиістілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

 

28.08.2018ж.

___________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_________________________________________________________

 

__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________

______________________________________________________________

________                                            ____________________________________

(қолы)                                                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

  «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

  Нысан

 

“Б” КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
  ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

        ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА “Б”

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата