«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Мемлекеттік қызметтер НҚА

“Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №18-03/390 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/390 бұйрығына
10 қосымша

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. “Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті:

екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар;

екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатында Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру “электрондық үкіметтің” www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тартады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған)..
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағындакөзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жіберіледі және сонда сақталады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде/тегін көрсетіледі.

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сай жүзеге асырылады.

Ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы ақы төлеу “электрондық үкіметтің” төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

Төлемақы:

1) жануарларды таңбалау, сақиналау, қоныс аударту, жерсіндіру, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда қолдан өсіру және шағылыстыру мақсатында табиғи ортадан алу, кейіннен табиғи ортаға жіберу кезінде;

2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, қолдан өсірілген және еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану кезінде;

3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме әзірлеу мақсатында балықтарды және басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асыруы кезінде;

4) халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурулардан алдын ала сақтау, қоршаған ортаға зиян келуін болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметінің елеулі залал келтіруі қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алу кезінде алынбайды..

  1. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабынасәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)..
  2. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:

мынадай жағдайларда:

жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттемелік аулауға, мелиорациялық аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық нысандағы өтінім;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төленгені туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі;

көрсетілетін қызметті алушы қол қойған, аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысатын адамдар тізімінің электрондық көшірмесі.

Пайдалану түріне байланысты қосымша:

1) аң аулауға (алғашқы жүгінген кезде):

жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілетін жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;

2) ғылыми-зерттемелік аулауға:

қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмелері;

жануарлар дүниесі объектілерін алу жоспарланып отырған көлемді негіздейтін есептемелердің электрондық көшірмелері;

бұдан бұрын берілген рұқсаттарды (рұқсаттар берілген жағдайда) пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;

3) өсімін молайту мақсатында аулауға:

балық ресурстарының өсімін молайтуға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;

4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалануға:

эпизоотиялық мониторингтен басқа, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан алынған үзіндінің электрондық көшірмелері;

эпизоотияның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасындағы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;

жануарлар дүниесі объектілерін алуды негіздейтін материалдардың (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) электрондық көшірмелері;

5) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

жануарлар дүниесі объектілерін алуды негіздейтін материалдардың (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) электрондық көшірмелері.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы не оның болмауы;

3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

 

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағындакөрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, мекенжайы бойынша, 8 (7172) 55-58-03 телефоны бойынша беріледі.

Шағым жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінен” көрсетілетін қызметті берушінің өтінімдерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтінім туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не қызметті берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымда:

1) жеке тұлға – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінімге қол қоюы керек.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

 

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер” бөлімінің “Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары” кіші бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы “жеке кабинеті” арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

Қосымшаны жүктеу