Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» каулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

НҚА

Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» каулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 қаңтарда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:         «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы»  2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi         ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:

реттік нөмірлері 876, 877 жолдары алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 962,  жолымен толықтырылсын:

«

962 Октябрь шатқалы 50 Қостанай ауданы

».

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысының әкімі                                         А. Мұхамбетов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

________________ Д. Джұмабаев

2018 жылғы «___»________________