«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, анықтама үшін телефондар: 8(7142) 50-33-70, факс 50-01-66, электрондық мекенжайы: i.matveeva@kostanay.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы лауазымына біліктілік талаптар, D-О-3, санаты лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 109898 теңгеден 148300 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлім туралы ережеге, бөлім жұмысының жоспарына, лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бөлімнің жұмысын ұйымдастырады.
Бөлім мамандарымен атқару тәртібін (лауазымдық міндеттерді, Басқарма басшысы, жоғары тұрған органдар және лауазымдық тұлғалар берген бұйрықтарды, тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау) бақылайды. Бөлім құзыретінің мәселелері бойынша түскен сауалдарға тиісті ақпарат дайындайды. Барлық белгіленген нысандардағы есептілікті уақытылы беруді ұйымдастырады (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық). Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қатысты мәселелер бойынша тиісті органдарға сауалдар жібереді. Бөлім әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жасайды. Бөлім мамандары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі ЖАО) қарауындағы мемлекеттік орман қоры, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды қорғау, күзету, молайту және орман өсіру, орман пайдалануды реттеу мәселелеріне жетекшілік етеді. Ормандарды пайдалану жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруын жүзеге асырады; кесулердің ережесін сақтауына, көшеттіктерде жұмыстарды жүргізеді.
Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік мониторинг бойынша материалдарының дайындығын ұйымдастырады. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемесін жобасын әзірлеуге қатысады (түбірімен босатылатын сүректен басқа).
Орман шаруашылығының дамуы және ұйымдастыру жобаларды әзірлеу бойынша іс-шаралар мен ұсыныстарын әзірлеуге қатысады. ЖАО қарауындағы мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді пайдалануға орман ресурстарын беруге арналған тендерлердің өткізілуін ұйымдастырады және бақылайды.
Орман шаруашылығы ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмысын бақылайды және үйлестіреді. Кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімді, бюджеттік бағдарламаларды жасауға және беруге қатысады.
Ішкі конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім: Жоғары білім: ауыл шаруашылығы ғылымдары (орман ресурстары, орман өсірушілік, орман шаруашылығы), техникалық ғылымдар мен технология (өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау).
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1, санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізіліммен айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1, санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізіліммен айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1, санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе “А” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында не Қарулы Күштер әскери басқару органының, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының тактикалық деңгейінен төмен емес басшы лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас емқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстарды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
2) құжаттарды тапсыратын күнге дейінгі отыз күнтізбелік күннен ерте емес тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне құжаттарды қолма-қол, пошта бойынша немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаның электрондық мекенжайына электрондық түрде не болмаса «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «Е-Қызмет» интеграцияланған жүйесі арқылы ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен соң келесі жұмыс күнінен бастап ұсынады.
Құжаттар мемлекеттік органның электрондық поштасына электрондық түрде не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «Е-Қызмет» интеграцияланған жүйесі арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурсқа қатысуға және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75 мекенжайы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде, кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабарландырудан кейін үш жұмыс күн ішінде өтеді.
Кандидаттар конкурсқа қатысуға жұмсалатын шығындарды (әңгімелесу орнына бару және кері қайту жол ақысы, тұрғын үй-жайды жалға алу, тұру, түрлі байланыс қызметтерін пайдалану) өз есебінен жүргізеді.
Конкурс қатысушылары мен кандидаттар конкурстық комиссиясының шешімін уәкілетті органға немесе оның аймақтық бөлімшесіне, не болмаса сот тәртібі бойынша шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады. Конкурстық комиссия отырысында байқаушы ретінде қатысу үшін тұлға әңгімелесудің басталуына дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін және Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиістілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.