«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің 2017 жылғы есебі
- Жалпы ережелер
1) Қызмет беруші туралы мәліметтер.
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар және өсімдіктер дүниесінің өзге объектілерін қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады, қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, әкімдіктің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады, Басқарма қызметінің қаржыландырылуы облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
Басқарманың құрылымына 11 ведомстволық бағынысты мекеме кіреді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқарма 2017 жылы 8 қызмет көрсетті:
- Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру.
- Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру.
- Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру.
- Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау.
- II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру.
- II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру.
- Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу.
- Ағаш кесу және орман билетін беру.
Жеті мемлекеттік қызметті тікелей Басқарма көрсетеді, «Ағаш кесу және орман билетін беру» мелекеттік қызметін Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары көрсетеді.
2017 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету фактілері болған жоқ.
7 мемлекеттік қызмет тегін және 1 ақылы/тегін көрсетіледі – «Жануарлар дұниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2017 жылы қағаз түрінде 588, электрондық түрінде 4954 құрайды.
Дәлелденген бас тартулар саны 439.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Басқарманың қызметкерлері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасы Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылыққа алады (4 бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген 5 регламент)
Өтініштердің жоқ болуына байланысты, 2017 жылы 3 мемлекеттік көрсетілетін қызмет талап етілмеген:
- «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру».
- «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру».
- «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу».
- Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау.
3) Ең талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Жүргізілген талдау негізінде 2017 жылы ең талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
– Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 3317 рұқсат құжаты берілді;
– II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру – 1188 экологиялық рұқсат берілді.
– II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру – 483 қорытынды.
– ағаш кесу және орман билетін беру – 554 қорытынды.
- Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Халықты ақпараттандыру мақсатында, Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы өзекті ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында, сонымен қатар ақпараттық тақтада, жалпыға бірдей шолу үшін қол жетімді жерлерінде орналастырылған.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-б. 1-т. сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі. Осыған байланысты, Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасы электрондық үкіметінің e.gov.kz порталында, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын әзірлеуге жауапты орталық мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында стандарттар жобаларын тұрақты негізде талқылау мүмкіндігіне қатысты қызмет берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен бірге, стандарттар жобаларына толықтырулар, немесе өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар Басқармаға түспеген.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқа).
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін жетілдіру мақсатында Басқарманың қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы түрлі іс-шараларға (семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б.) белсенді қатысады. Сонымен бірге қызмет алушылар жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімі туралы білікті көмек алады. Бұдан басқа, Басқарма 2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету барысының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
- Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Басқарма көрсететін 8 мемлекеттік қызметтің 5 автоматтандырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық түрінде беріледі. Барлық 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі оңтайландырылған – қызмет көрсету мерзімі қысқартылған, мемлекеттік қызмет алуға қажетті құжаттар топтамасы азайтылған және т.б. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді – мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімі жеңілдетіледі және тездетіледі, әкімшілік кедергілер қысқарады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлері тиісті Заңдарды, қағидаларды, әдістемелік ұсыныстарды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өз білімдерінің деңгейін көтеруде. Сонымен бірге, 2018 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің өкілдерін тарта отырып, қолданыстағы заңнаманы зерделеу бойынша іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, кеңестер, семинарлар және т.б.) өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ кестеге сәйкес «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалында қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарда бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат.
Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша есептік кезеңде шағымдар түспеген.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.
2017 жылы II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру – мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың бір жағдайы тіркелген («Атамекен 4 плюс» ЖШС). Сонымен бірге, қызмет алушылар тарапынан шағымдардың және ескертулердің жоқ болуы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмысының нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ, Басқарма ай сайын облыс әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын ішкі бақылау бойынша есеп жіберіп отырады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен жүргізген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы 2017 жылғы 19 маусымнан 21 маусымға дейін жоспардан тыс тексеру жүргізді. Өткізілген тексеру іс-шарасының нәтижелері бойынша заң бұзушылықтары анықталмаған.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы 2017 жылғы 31 тамызда жоспардан тыс тексеру жүргізді. Өткізілген тексеру іс-шарасының нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бір бұзушылығы анықталды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы 2017 жылғы 27 қазаннан 16 қарашаға дейін жоспардан тыс тексеру жүргізді. Өткізілген тексеру іс-шарасының нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бір бұзушылығы анықталды.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі есептік кезеңде жүргізілген жоқ.
- Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттанушылығының одан әрі тиімділігі және арттыру келешегі.
Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша одан әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында 2018 жылы мыналар жоспарланып отыр:
– қолданыстағы заңнманы зерделеуге бағытталған іс-шараларды, оның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің өкілдерін тарта отырып өткізу;
– уақытылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдау;
– Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер барысы туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізу;
– мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарды кестеге сәйкес біліктілігін арттыру курстарына жіберу;
– осы есептің жария талқылауын жүргізу;
– Басқарманың басшысы бекіткен 2018 жылға арналған жоспарында көзделген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру іс-шараларын уақытылы іске асыру.