Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 537 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына 7-қосымша
“II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
- “II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
- Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz “электрондық үкіметтің” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
- Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға жүгінген сәттен бастап:
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру:
II санаттағы объектілер үшін – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
III және IVсанаттағы объектілер үшін – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру – 3 (үш) жұмыс күнінен асырмай.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәжді жауап береді.
Ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша ескертулер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға:
II санатты объектілер үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәжді ескертулерді жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы оларды ескертулер берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жояды.
III және IV санатты объектілер үшін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәжді ескертулерді жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы оларды ескертулер берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жояды.
Бұл ретте, көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші ескертулер бойынша өңделген құжаттарды қабылдамайды.
Олар белгіленген мерзімде жойылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріледі.
Олар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы беріледі.
- Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
- Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес нысанда II, III және IV санатты объектілердің мемлекеттік экологиялық сараптамасының қорытындысын не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жіберіледі.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
- Порталдың жұмыс графигі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
- Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандарда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім;
2) қоршаған ортаға әсер ететін межелі қызметтің жоба алдындағы және жобалық құжаттамасы жағдайда мынадай құрамда:
әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін, құжат түрінде ресімделген қоршаған ортаға әсерді бағалау (бұдан әрі – ҚОӘБ) материалдары бірге жүретін жоба алдындағы немесе жобалау құжаттамасы;
Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық қызметтің түрлері үшін қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкелуі мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары жағдайында мынадай құрамда:
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобалары;
4) эмиссиялар нормативтерінің жобалары жағдайда мынадай құрамда:
эмиссиялар нормативтері жобалары;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде “жеке кабинетке” мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
- Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері мыналар болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сұратылып отырған табиғат пайдалану шарттары Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 73-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларға, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
- Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына шағым беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда поштамен, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылуы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері бойынша уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға “жеке кабинеттен” өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
- Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
- Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің интернет-ресурстарында – www.egov.kz, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары” бөлімінде орналасқан.
- Көрсетілетін қызметті алушының порталдың “жеке кабинеті”, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-08-55, Бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8-800-080-7777
“II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан | |
Өтінім беруші (ұйымның атауы) |
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы
_____________________________________________________________
(жобаның, құжаттың атауы)
Материалдарды__________________________________________әзірледі.
(жобаны әзірлеуші ұйымының толық атауы)
Жоба материалдарына тапсырыс беруші ___________________________
_______________________________________________________________
(тапсырыс беруші ұйымның толық атауы, мекенжайы)
Мемлекеттік экологиялық сараптама қарауына ______________________
_______________________________________________________________ ұсынылды.
(жобалау құжаттамасының атауы, ұсынылған материалдардың, басқа құжаттардың жинағын атау)
Материалдар қарауға 20___жылғы________________________келіп түсті.
(кіріс нөмірі және күні)
Жалпы мәліметтер
Сараптама объектісінің орналасу ауданының физикалық-географиялық жағдайының, қоршаған ортаның фондық жағдайының, негізгі техникалық, технологиялық шешімдердің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін технологиялық процестерді сипаттау, баламалы нұсқаларды заманауи технологиялардың үздік аналогтарымен салыстырып қарау.
Межеленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ)
Объектінің ауа ортасына, жерасты және жерүсті суларына, жер ресурстарына, жануарлар және өсімдіктер дүниесіне, жер қойнауына әсер етуінің, физикалық әсер етулердің толық сипаттамасы, апаттық жағдайлар мен экологиялық қауіп-қатерлердің болу мүмкіндігі және ықтималдығы.
Сәулеттік-жобалық құжаттамаларды, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту схемаларын, қолданыстағы кәсіпорындарды реконструкциялау (кеңейту) жобаларын қарау кезінде қоршаған табиғи ортаға әсер ету бөлігінде барлық көрсеткіштер жақазіргі жағдай бойынша да, есептілік мерзімге де беріледі. сол қолданыстағы жағдайдың жай-күйі бойынша да, есептік мерзімдегі жағдай бойынша да беріледі.
Тұжырымдама
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың нәтижесі “келісілді/келісілмеді” деген тұжырымдамасы бар қорытынды болып табылады.
Жергілікті атқарушы
органның сараптамалық
бөлімшесінің
басшысы_______________ ________________________________
ЭЦҚ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
“II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік |
|
экологиялық сараптама қорытындысын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
|
Нысан | |
Қайда ______________________ | |
(мемлекеттік органның толық атауы) | |
кімнен______________________ | |
(өтініш иесінің толық атауы) | |
Мекен жайы _________________ | |
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон) | |
Өтініш иесінің деректері ______ | |
(Заңды немесе жеке тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі, БСН, ЖСН) |
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге өтінім
____________________________________________________________________
______________________________________________________________жобаға
(жобаның толық атауын көрсету)
мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуді сұраймын.
Қоса берілген құжаттар тізбесі:
___________________________________________________________________
Басшы ___________ __________________________________________________
ЭЦҚ (аты, тегі, әкесінің аты (бар болса)
“___” ___________ 20 ___ жыл
“IІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
|
Нысан | |
Қайда ______________________ | |
(мемлекеттік органның толық атауы) | |
кімнен ______________________ | |
(өтініш иесінің толық атауы) | |
Мекен жайы _________________ | |
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон) | |
Өтініш иесінің деректері ______ | |
(Заңды немесе жеке тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі, БСН, ЖСН) |
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізгеннен кейін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатпен бірге беруге өтінім
____________________________________________________________________
______________________________________________________________жобаға
(жобаның толық атауын көрсету)
мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуді және қоршаған ортаға рұқсатты беруді сұраймын.
- Сұратылатын эмиссиялардың көлемдері
1-кесте. Ластаушы заттар шығарындыларының лимиттері
Сұратылатын кезең, алаңдар | Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының сұратылатын лимиттері | Өтінім берер алдындағы, соңғы 3 жылдағы нақты шығарындылар |
тонн/жыл | тонн/жыл | |
1 | 2 | 3 |
20__ жылға | ||
Барлығы, оның ішінде алаң бойынша: | ||
1 алаң | ||
2 алаң | ||
2-кесте. Ластаушы заттар төгінділерінің лимиттері
Сұратылатын кезең, алаңдар | Ластаушы заттар төгінділерінің сұратылатын лимиттері | Өтінім берер алдындағы, соңғы 3 жылдағы нақты төгінділер |
тонн/жыл | тонн/жыл | |
1 | 2 | 3 |
20__ жылға | ||
Барлығы, соның ішінде су шығарымдары бойынша: | ||
1 су шығарымы бойынша | ||
2 су шығарымы бойынша | ||
3-кесте. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру лимиттері
Сұратылатын кезең, алаңдар | Қалдықтардың сұратылған лимиттері | Өтінім берер алдындағы жылғы қалдықтарды орналастырудың соңғы 3 жылдағы көлемдері |
тонн/жыл | тонн/жыл | |
1 | 2 | 3 |
20__ жылға | ||
Барлығы, оның ішінде алаң бойынша: | ||
1 алаң | ||
2 алаң | ||
4-кесте. Күкіртті орналастыру лимиттері
Сұратылатын кезең, алаңдар | Күкірттің сұратылған лимиттері | Өтінім берер алдындағы жылғы күкіртті орналастырудың соңғы жылдағы көлемдері |
тонн/жыл | тонн/жыл | |
1 | 2 | 3 |
20__ жылға | ||
Барлығы, оның ішінде алаң бойынша: | ||
1 алаң | ||
2 алаң | ||
- Табиғат пайдаланушылар мен ұсынылатын табиғат пайдалану шарттары:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
- Осы өтінімге қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ұсынылатын құжаттардың тізімі:
_______________________________________________________________
Басшы ___________ ___________________________________________
ЭЦҚ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
“___” ____________ 20___жыл
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізгеннен кейін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатпен бірге беруге өтінімге қосымша |
|||
Нысан | |||
Келісілді: Басшы (уәкілетті адам) ________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________ (қолы) 20___ жылғы “___” _____________ |
Бекітемін: Жеке немес заңды тұлғаның басшысы (уәкілетті адамы) ________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________ (қолы) 20___ жылғы “___” _____________ |
||
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
№. р/с | Іс-шара атауы | Жоспарланатын жұмыстар көлемі | Жалпы құны (мың теңге) | Қаржыландыру көзі | Орындалу мерзімі | Қаржыландыру жоспары (мың теңге) | Іс-шарадан күтілетін экологиялық нәтиже (тонна/жылына) | |||
басы | соңы | 20_жыл | 20__ жыл | 20__ жыл | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1. Әуе бассейнін қорғау | ||||||||||
1.1 | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
2. Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану | ||||||||||
2.1 | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
3. Жағалау жанындағы және су экожүйелерін әсер етулерден қорғау | ||||||||||
3.1 | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
4. Жер ресурстарын қорғау | ||||||||||
4.1 | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
5. Жер қойнауын қорғау және ұтымды пайдалану | ||||||||||
5.1 | ||||||||||
. | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
6. Флора мен фаунаны қорғау | ||||||||||
6.1 | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
7. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен айналысу | ||||||||||
7.1 | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
8. Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік | ||||||||||
8.1 | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
9. Басқару жүйелерін және ең үдік қауіпсіз технологияларды енгізу | ||||||||||
9.1 | ||||||||||
. | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
10. Ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа әзірлемелер | ||||||||||
10.1 | ||||||||||
. | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
11. Экологиялық ағарту және насихат | ||||||||||
11.1 | ||||||||||
. | ||||||||||
Жиыны | ||||||||||
БАРЛЫҒЫ: |