«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет стандарты

НҚА

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 18-1/415 бұйрығына
3-қосымша

 

«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

       1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік орман иеленушілер (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Берілген рұқсаттар туралы мәліметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут.
Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен сүрек дайындау көлемінің, Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-20) тармақшасына сәйкес орман иеленушімен келісімделген кеспеағаштарды игерудің технологиялық карталарының болмауы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудан дәлелді бас тарту береді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 № 270 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түрінде ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 № 270 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген жағдайда еркін нысандағы өтініш береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз түрінде өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Жеке басты куәландыру туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті жүйелерден алады.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген) бекітілген Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 № 270 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе)
олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет
көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 55-58-03 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша түрде пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолмен апарып беру арқылы қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
2) заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметті алушының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған орындықтар, құжаттар толтыру орындары стенділермен және қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жарақтандырылады), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар қарастырылады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.minagri.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналастырылған, «Қолдау және қызметтер» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімі.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

 

 

 

 

«Ағаш кесу және орман билетін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша

Нысан

 

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
(мемлекеттік органның толық атауы)
_________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы _________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй, №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері ______________________________________
(жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН

 

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________________
(өтініштің мақсаты)
_____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________ сұраймын.
(учаскенің атауы)

Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер
беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық
жайында хабардармын.

 

Өтініш беруші
__________________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Мөр орны (болса)
20 ___ жылғы «     »