Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Жаңалықтар

Мемлекеттік басқарудың халықпен байланысын нығайту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелеріне еркеше көңіл аударылады.

Осыған байланысты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үнемі оңтайландыру және автоматтандыру үрдісіне ұшырап отырады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үрдісі жетілдіріліп, көрсетілетін қызмет алушылар үшін қол жетімдірек болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу талаптары мен тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартымен және регламентімен айқындалады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі қағидатының бірі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен қол жетімділігі болып табылады, сонымен бірге, көрсетілетін қызмет берушінің негізгі қызметтерінің бірі көрсетілетін қызмет алушыларға қол жетімді нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат беру болып табылады, осыған байланысты, мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда, жалпы қол жетімді жерлерде, сондай-ақ ресми интернет-ресурстарда және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері және стандарттары орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет алу кезінде көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік органдар, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Сонымен бірге, көрсетілетін қызмет берушілер көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар етуге, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдануға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Көрсетілетін қызмет берушілер мен көрсетілетін қызмет алушылардың өзге міндеттері мен құқықтары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген.

Қазіргі заманда интернет өмірді, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде біршама жеңілдетеді, себебі оларды электрондық портал арқылы алуға мүмкін болып отыр. Электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алу артышылығына тәулік бойы қол жетімділікті, кез-келген ыңғайлы жерден көрсетілетін қызмет алуды, кезектің жоқтығын, уақыттың үнемделуін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болмауын, рәсімнің ашықтығын және басқаларды жатқызуға болады.

Табиғи ресурстар басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты білікті кеңесті телефондар арқылы немесе мемлекеттік органға тікелей жүгіну арқылы алуға болады.