2018 жылғы 07 маусымдағы Қостанай облысының әкімдігі Қаулының жобасы

НҚА

Денисов ауданының Антоновка ауылында
жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту
санитариялық қорғау аймағын белгілеу туралы

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймағы белгіленсін.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қостанай облысының әкімі                                                        А. Мұхамбетов

 


 

 

Қостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасына
түсіндірме жазба

р/с

 

Түсіндірме жазбадан көрініс табуы тиіс мәліметтердің тізбесі

Ескерту

1 Облыс әкімдігі қаулысы жобасының атауы

 

Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймағын белгілеу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ)
3 Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі «Денисов ауданының Антоновка ауылында жер асты суларының шаруашылық-ауызсу тарту санитариялық қорғау аймақтарының жобасы» келісілген жобасы негізінде «Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ хаты
4 Жоба ҚР қандай  заңнамалық актілерін, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілер мен тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы
5 Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері Ауызсумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын суларды қорғау
 

6

Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдары Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін күйінде ұстау
7 Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар Болжамдалмайды
8 Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері Барлық қажетті бұрыштамалары бар
9 Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданған және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер

Қабылданған жоқ

10 Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі Жоқ
11 Өзге де мәліметтер Жоқ

 

«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
басшысы                                                                                               М. Шайымов