«Жасыл қала» эко-жәрмеңке

Жаңалықтар

«Қостанай облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының штабы» ҚҚ «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қолдауымен «Тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында, облыстың қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен, Қостанай қаласының 140 жылдығын мерекелеу күніне арналған «Жасыл қала» эко-жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Эко-жәрмеңкенің негізгі мақсаты – тұрмыстық қатты қалдықтарды, соның ішінде тұрғындардан жиналған құрамында сынап бар лампалар мен батареяларды бөлек жинауды насихаттау бойынша халық арасында ақпараттық жұмыстар жүргізу.

Эко-жәрмеңке ағымдағы жылдың 17 тамызында сағат 15:00-де Алтынсарин көш., 111 (Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасы) мекенжайында өтеді. Барлық ынта білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.