Ағымдағы жылдың 19 маусымында Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың өңірлерде видеоконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдында есептік кездесуін өткізетіндігін хабарлаймыз. Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, көмір, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді.
Есептік кездесу 2017 жылы 19 маусымдасағ.15-00-де келесімекен-жай бойынша өтеді: Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимараты, Киноконцерт залы.
Видеоконференция байланысы Қостанай облысында келесі мекен-жай бойынша өтеді: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66 үй.
Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуды 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе электрондық мекен-жайға [email protected], [email protected] жолдауыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтында қызмет ететін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз: http://.