2018 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» шықты

Мемлекеттік қызмет

2018 жылғы 19 суірде Астананың орталық коммуникациялар орталығында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауының 8 және 9 бағыттарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» презентацияланды.

Ұлттық баяндамада мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейде таралуының жағдайы мен тенденциялары, жемқорлықтың алдын алудағы қоғамның рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың және заңнаманың даму тенденциялары көрініс тапқан.

Оның құрылуына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшы және ғалымдар қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері атап өткендей,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат моделін құруға септігін тигізді.

Сонымен қатар, Ұлттық баяндама Елбасының қарастыруына ұсынылып, келісілді.

Ұлттық баяндаманың толық нұсқасымен Сіз Агенттіктің сайтында таныса аласыз