Жаңа жылдық шыршаға қатысты

Без рубрики Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 17-5-6/87 «2019 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғауды күшейту туралы» бұйрығына сәйкес, жаңа жылдық шыршалар дайындау және бұтақтардан құрама жасанды шаршаларды дайындау Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2019 жылға бекітілген орман күтіп-баптау және басқа да мақсаттарда ағаш кесулер есебінен жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы қылқан жапырақты ағаштарды жоспарлық кесу көлемдері мына орман шаруашылығы мекемелері үшін бекітілді: Арақарағай, Боровское, Семиозерное, Урицкое. Осыған орай, жаңа жылдық шыршаларды босату Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің рұқсаты бойынша әкімдіктердің өтінімдерінің негізінде, аталған орман шаруашылығы мекемелері жүзеге асыратын болады. Тұрғындар үшін тек құрама шыршаларды немесе контейнерлердегі тірі шыршаларды сатуға рұқсат етіледі.     Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қостанай облысы үшін 2019 жылға 704 дана мөлшерінде жаңа жылдық шыршаларды босатуға рұқсат берді.

Жаңа жылдық мерзімде қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескені және бүлдіргені үшін бұзушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, заңнамамен белгіленген санкциялармен айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыру жазасына дейін. Сонымен қатар, бұзушылар келтірілген зиянның орнын бір ағашқа 15 АЕК (37 875 теңге) көлемінде өтеуге мәжбүр болады.

1 желтоқсаннан бастап мемлекеттік орман қоры аумағында және негізгі жолдарда орналасқан бекеттерде орман шаруашылығы мекемелерінің мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің мобильді топтары тәулік бойы кезекшілік етеді, 21 бақылау бекеті, 65 мобильді патрульдік топ ұйымдастырылды.