Орман шаруашылығы мекемелері қызметінің 2019 жылғы қорытындылары

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Басқарма басшысы М.А.Шайымовтың төрағалығымен «Орман шаруашылығы мекемелері қызметінің 2019 жылғы қорытындылары» тақырыбында кеңес өтті.

Мына бағыттар бойынша орман шаруашылығы мекемелерінің 2019 жылғы қызметінің нәтижелері айтылды:

  • өрт қауіпі бар кезеңнің нәтижелері, өрттің саны, себептері мен жағдайлары;
  • ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша жұмыс нәтижелері;
  • 2019 жылы бюджет қаражатын нысаналы пайдалану.

2019 жылдың өрт қауіпі бар маусымы ішінде мемлекеттік орман қорының аумағында 88 өрт тіркелді, оның ішінде 19-ы дала өртінің МОҚ жерлеріне көшуі нәтижесінде болды. Оның ішінде өрт қаупі бар маусымда ірі өрттердің 11 жағдайы тіркеді. Анықталған кінәлі тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынды және олар келтірілген залалды төледі.

2019 жылдың көктемі мен күзінде орман шаруашылығы мекемелері мен ұзақ мерзімді орман пайдаланушылары жалпы алаңы 1398 га жерге орман дақылдарын отырғызды, жеткізілген жоспар бойынша 1350 га. Қазіргі уақытта отырғызу материалымен қамтамасыз ету, облыс аумағында жасанды орман өсіру жұмыстары үшін 2 тұрақты және 8 уақытша питомниктер бар. Онда жыл сайын шамамен 16 миллион дана отырғызу материалдары өсірілді, ол облысты стандартты отырғызу материалдарымен қамтамасыз етеді.